Ара туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 15
Жұмбақтар: 43
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 15
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 2

Омартаға балалар барар,Балаларды аралар талар.
©  Ескен Елубаев
Ара, ара, аралар,Ара алысқа бара алар,Бала арадан бал алар,Балды жалар балалар.
Бал аралар, бар араларБалалармен бірге бау аралар.Бар балалар арамен ағаш аралар.
Байқап-байқап тал арала,Тал ішінде талар ара.Араласаң, қала арала,Таппай сені қалар ара.
Байқап-байқап тал арала,Тал ішінде талар ара.Араласаң, қала арала,Таппай сені қалар ара.
Араның тісі қыши ма?Баланың қолы қыши ма?Ара тісі қышымаса,Балаларды шағар ма?Бала қолы қышымаса,Ойыншығын шағар ма?
Арғы арал, бергі аралОл аралдарды жайлағанБал аралар.
Ара-ара аралар,Орманның бәрін аралар,Гүлдерден сорып бал алар,Алысқа ұшып бара алар,Бал тәтті ғой, балалар.
КітаптыҚанапия мен Құныпия,Аса құпияАра-тұра, шала-пұла оқыды.