Бұлақ туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Бұлақ" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Бұлақ" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Бұлақ" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Бұлақ" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 5
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Аңыздар: 3

Тау бұлағы да ағады
Тау бұлағы да ағады,
Ой бұлағы да ағады.
Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны.
Бірі жылжып барады,
Бірі мөңкіп барады,
Бәрісі де, не шара, аға..
©  Мұқағали Мақатаев
Айнала бұлақ басы - Тең
Айнала бұлақ басы - Тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем?!
Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның
Хан ұлынан несі жоқ,
Би ұлынан несі..
©  Доспамбет жырау
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.

Жауабы: Бұлақ
Ақ боз атым арынды,
Ақ көйлекке малынды,
Таудан тасты атқылап,
Таудан түсті шапқылап.

жауабы
Тау бұлағы
Бір шұқырда көп шұқыр,
Іштен түртіп көп шұқыр.

жауабы
Бұлақ суы
Бұлақ өзін көлмін дер.
Патай жесең, бұлақтың басына барып отыр.

(Патай — бұрыш қосқан тағам)
Бұлақ басынан былғанады.
Бұлақ суын теңіз төрге сүйрейді.
Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.
Аттың көркі
Құйрық-жалы, құлағы.
Таудың көркі
Тасы менен бұлағы.
Бірде былдыр-былдыр,
Сәбилердің тіліндей,
Бірде сыңғыр-сыңғыр,
Қоңыраудың үніндей,
Ән сап жатқан ерінбей,
Бұл не?
Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.
Бiрде былдыр-былдыр,
Сәбилердiң тiлiндей,
Бiрде сыңғыр-сыңғыр,
Қоңыраудың үнiндей,
Ән сап жатқан ерiнбей,
Бұл не?
Сынаптай жылтырап,
Биiктен сырғиды,
Ән салып былдырап,
Iздейдi ылдиды.
Өзі бел астында,
Көзі жер астында.
Дария басы – бұлақ.
Бұлақты болса - көл семіреді.
Ынтымақты болса - ел семіреді.
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.