Балық туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 33
Жұмбақтар: 36
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 9
Туындылар: 2
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 6
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Түрі-түсі ақ мамықтан аумаған,
Туа сала мұз үстінде «аунаған»,
Ақ үрпектің атауын
Кім айтады дәл маған?

Жауабы: Ақкүшік – Итбалықтың баласы
Тәнсіз, жансыз кім,
Қайда тұрады?

Жауабы: Судағы балық
Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.

Жауабы: Диірмен, балық, қауын
Жел-жел бием, жел бием,
Желiндесе кiм бiлер?
Жау жапырақ түбiнде
Құлындаса кiм бiлер.

Жауабы: Балық
Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрісі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.

Жауабы: Балық
Көздері бар, қабағы жоқ,
Әсте кірпік қақпайды
Ол қай жәндік суға салсақ
Тұншықпайды, батпайды.

Жауабы: Балық
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ.
Бұл не?

Жауабы: Балық
Майшабақпен сайыспай,
Үйіріп жүрер басқара.
Тұлғасы ұқсас қайыстай
Шұбатылған таспаға.

Жауабы: Белбеубалық
Қапталған сүйекті сауытпен,
Қорықпас ешқандай қауіптен.
Сойдиған тістері қашаудай,
Қорегін асаудай-ақ асайды-ай.

Жауабы: Сауыттыбалық
Жалтыраған бауыры.
Құдды көмір түтігі.
Өзінің бар тәуірі,
Сәуле шашар түтігі.

Жауабы: Үтікбалық
Қошқыл жолақты,
Еріні сағақты.
Бүкіл денесі –
Терек теңгесі.

Жауабы: Жапырақ балық
Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.

Жауабы: Балық
Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған.

Жауабы: Сазан
Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.

Жауабы: Шортан
Ілгегі бар дәу ұзын,
Керіп ашса ауызын,
Сәуле шашып тістері,
Судың кезген тереңін,
Шақырады қорегін.

Жауабы: Қармақшы балық
Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.

Жауабы: Желкенді балық
Балық ала алмаған суды былғайды.
Балық берсең, байлап бер,
Басын-көзін шайнап бер.
Балық жеген тоқ болар,
Дәрмені жоқ болар.
Балықтың тірлігі суменен.
Бақсыз балықшы телегей-теңізден де балық ұстай алмайды.
Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.
Қайыр ет те, теңізге өт:
Халық білмесе,
Балық білер.
Балықтың өзі суда,
Көзі сыртта.
Балық жегің келсе, балағыңды түр.