Білім туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Білім" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Білім" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Білім" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Білім" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 216
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 38
Өлеңдер: 114
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 243
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер: 25
Шығармалар: 14
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 14

Білгенге сүйін,
Білмегенге күйін.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Күш — білімде,
Білім — кітапта.
Көрмегенге көсеу таң.
Болат біз — қап түбінде жатпас.
Көп сөйлеген білімді емес,
Дөп сөйлеген білімді.
Бойдағы білім шын зейнет,
Жұмсағанмен таусылмас.
Жинаған мал құр бейнет,
Біріне бірі қосылмас.
Оқыған қара суды теріс ағызар,
Ошаққа қара тастан май тамызар.
Аңғырт — айтпасаң білмес,
Ашпасаң көрмес.
Ырыс ауысады,
Білім жұғысады.
Шам жарығы түбіне түспейді.
Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Кітап – алтын қазына.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білім – арзан, білу - қымбат.
Оқу – білім азығы,
Білім – өмір шырағы.
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
Білім - елге,
Су - жерге.
Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез.
Білімнен қымбат досың жоқ,
Аурудан бетер қасың жоқ.
Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.
Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.
Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.