Ақтөбе туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Тақпақтар: 31
Өлеңдер: 23
Құттықтау, тілектер: 10
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 3
Эсселер: 2

Мен бір балаң Ақтөбем
Мен бір балаң Ақтөбем, Сенде туып, бапталған. Бір өзіңмен жалғасар, Мақсатым мен тәтті арман!
©  Ақтөбе қаласы
Көңілімнің көктемі
Бір өзіңсің Ақтөбем, Көңілімнің көктемі. Сенде жүрсем бапталам, Күнім күліп көктегі.
©  Ақтөбе қаласы
Жүрегімнің үнімен
Жүрегімнің үнімен, Ақтөбем деп жар салам. Туған жерім, мекенім, Мен өзің деп ән салам.
©  Ақтөбе қаласы
Қуанышым, бақытым
Қуанышым, бақытым, Ақтөбемдей қалам бар. Орталығы облыстың, Баурап алар далам бар.
©  Ақтөбе қаласы
Ақтөбеммен мақтанам
Ақтөбеммен мақтанам, Батыста зор орны бар. Мен өзіңмен бапталам, Бір ерекше сәні бар.
©  Ақтөбе қаласы
Ақтөбеме қарашы беу достарым
Ақтөбеме қарашы, беу достарым, Орталығы облыстың баурап алар. Бекініс боп құрылған қалам осы, Бағы жанып, бабымен алда болар.
©  Ақтөбе қаласы
Арайлы атар таңымсың
Арайлы атар таңымсың, Жайнаған гүл бағымсың. Туған қалам Ақтөбем, Көрік берер сәнімсің.
©  Ақтөбе қаласы
Жанымның сен гүл бағы
Жанға жайлы Ақтөбем, Хош иісті гүл бағым. Бір өзіңе арналған, Таусылмайды жырларым!
©  Ақтөбе қаласы
Шатығымның мекені
Шаттығымның мекені, Шат күнімнің екені. Осы менің Ақтөбем, Қуанышты етеді.
©  Ақтөбе қаласы
Батыстағы мекенім
Батыстағы мекенім, Ақтөбенің қаласы. Орталығы облыстың, Құлпырған кең даласы.
©  Ақтөбе қаласы
Мен бақытты баламын
Сенде туып, тербелген, Мен бақытты баламын. Баласымын Ақтөбем, Сендей ғажап ананың
©  Ақтөбе қаласы
Өзің барда мықтымын
Батыстағы Ақтөбем, Өзің барда мықтымын. Сенде туған мен балаң, Жігерлімін, күштімін!
©  Ақтөбе қаласы
Сені жақсы көремін
Туған қалам Ақтөбем, Сені жақсы көремін. Туған жерім өзің деп, Бар жақсыны беремін!
©  Ақтөбе қаласы
Жаралған ар, намыстан
Жаралған ар, намыстан, Сені ойлайтын мен балаң. Ақтөбем сен, мекенім, Сеніменен жанданам!
©  Ақтөбе қаласы
Өмірімнің тәттісі
Өмірімнің тәттісі, Осы менің Ақтөбем. Әдемілік беретін, Ақтөбем сен асқар ең.
©  Ақтөбе қаласы
Келе қалсаң қыдырып
Келе қалсаң қыдырып, Ақтөбеме алыстан,. Күйге енесің бірлесе, Әсем әнге салысқан.
©  Ақтөбе қаласы
Жайлылығы жанымның
Жайлылығы жанымның, Ақтөбем бұл, мекенім. Орталығы облыстың, Көңілге ту етемін.
©  Ақтөбе қаласы
Ақтөбемнің облысы
Ақтөбемнің облысы, Орталығы Ақтөбем. Бекініс боп құрылған, Қалам осы ақ төрем.
©  Ақтөбе қаласы
Ақтөбедей жер бар ма?!
Ақтөбедей жер бар ма, Көңілге күй беретін. Келе қалсаң қыдырып, Бал-қаймағын теретін. Ақтөбем бұл, жанымдай, Қалам жақсы көретін.
©  Ақтөбе қаласы
Саған деген көңілім
Саған деген көңілім, Елден ерек білсеңіз. Ақтөбеммен өсемін, Құлақ түріп жүрсеңіз. Ақтөбемнің ақ таңы, Жанға арайын береді. Батыстағы Ақтөбем, Сені..
©  Ақтөбе қаласы
Таңғажайып қаламсың
Таңғажайып қаламсың, Батыстағы Ақтөбем. Бір өзіңе арнаймын, Ән жырымды, бапты өлең!
©  Ақтөбе қаласы
Көңілімнің жазы сен өмірімнің
Көңілімнің жазы сен, өмірімнің, Қазығы сен мендегі сенімімнің. Туған қалам, мекенім Ақтөбем сен, Бір бөлігі өзіңсің серігімнің!
©  Ақтөбе қаласы
Батыстың кең даласы
Батыстың кең даласы, Осы Ақтөбе қаласы. Мен боламын қолқанат, Ақтөбенің баласы.
©  Ақтөбе қаласы
Ақтөбеге келсеңіз
Ақтөбеге келсеңіз, Күйге енесіз тамаша. Біз сияқты еркелеп, Қуанасыз балаша.
©  Ақтөбе қаласы
Ақтөбенің баласы
Ақтөбенің баласы, Мен боламын, қарашы. Батыстағы қалам бұл, Баурап алар даласы.
©  Ақтөбе қаласы