Тараз туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Тараз" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Тараз" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Тараз" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Тараз" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 1
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 1
Құттықтау, тілектер: 9
Әңгімелер: 1
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Эсселер: 3
Бақытымның базары
Бақытымның базары, Балдай бала шағымсың. Гүл мекенім Таразым, Арайлы атар таңымсың!
© Тараз қаласы
Даламсың сен, қаламсың
Даламсың сен, қаламсың, Жанымызды гүлді етер. Таразымсың, дамамсың, Әр күнімді нұрлы етер...
© Тараз қаласы
Көңілімнің көктемі
Бір өзіңсің Таразым, Көңілімнің көктемі. Бір бақыт қой мен үшін, Күнім сенде өткені.
© Тараз қаласы
Жасай берші, Таразым!
Жасай берші, Таразым, Алға бастап Халқыңды. Орталығы облыстың, Қызықты етші әр күнді.
© Тараз қаласы
Таразымды сүйемін
Таразымды сүйемін, Қазақтың гүл қаласы. Ақындары үн қатқан, Қазақтың жыр даласы.
© Тараз қаласы
Үн қатамыз жүрекпен
Таразға арнап жақсыны, Үн қатамыз жүрекпен! Тақпақ айтып, ән айтып, Біз баламыз гүл еккен.
© Тараз қаласы
Таразымды білемін
Таразымды білемін, Мекені ол анамның. Мен боламын жиені, Осы Тараз қаламның.
© Тараз қаласы
Маған қосыл балалар
Аралайық Таразды, Маған қосыл балалар. Әулие-Ата жері бұл, Тарихты іздеп таба алар!
© Тараз қаласы
Тараз десең, мақтанам
Тараз десең мақтанам, Туған жерім үн қатып. Мен балаңмын жүретін, Туған жерін жырлатып.
© Тараз қаласы
Орталығы Жамбылдың
Орталығы Жамбылдың, Таразымсың баурайтын. Мен балаңмын өнерлі, Ел жүрегін жаулайтын.
© Тараз қаласы
Жанымсың сен бағымсың
Жанымсың сен бағымсың, Орталығы облыстың. Туған қалам — Таразым, Болсын дәйім оң ісің!
© Тараз қаласы
Таразым деп
Таразым деп ән айтам, Туған жерім, киелім. Таразым деп жыр жазам, Бар жақсыны үйемін. Жақсы көрем бар жерін, Қаламды мен сүйемін.
© Тараз қаласы
Тараз, Тараз, Таразым
Тараз, Тараз, Таразым, Сені жақсы көремін. Үздік оқып сабақты, Бар жақсыны беремін.
© Тараз қаласы
Шаттығымның мекені
Шаттығымның мекені, Таразыма қарашы. Бір өзіне баурайды, Көгі мен жер арасы.
© Тараз қаласы
Біз баласы Тараздың
Біз баласы Тараздың, Бақыты бар басында. Ел ертеңі біз болып, Жүрер балаң қасыңда...
© Тараз қаласы
Тараз қалам ең асыл
Тараз қалам ең асыл, Баурап алар бағы бар. Мен балаңмын туған жер, Мекеніңнен табылар.
© Тараз қаласы
Әулие-Ата аталған
Әулие-Ата аталған, Туған жерім бұл менің! Орталығы облыстың, Таразымсың, гүлді елім!
© Тараз қаласы
Ғажап Тараз қаласы
Ғажап Тараз қаласы, Баурап алар мекені. Кең далаңда туғаным, Қуанышты етеді.
© Тараз қаласы
Таразыма келсеңіз
Таразыма келсеңіз, Көңіліңіз жайланар. Көрсең сұлу қаламды, Жанарыңыз байланар.
© Тараз қаласы
Орталығы облыстың
Орталығы облыстың, Таразым бұл қараңыз. Туған жерін сүйетін, Мен боламын балаңыз.
© Тараз қаласы
Тараздың мен баласы
Тараздың мен баласы, Жақсы көрем қаламды. Мен үлгілі бала боп, Жайнатамын даламды.
© Тараз қаласы
Жақсы көрем Таразды
Жақсы көрем Таразды, Туған жерім, мекенім. Жақсы оқып сабақты, Елге қызмет етемін.
© Тараз қаласы
Мен баласы Тараздың
Мен баласы Тараздың, Елін, жерін сүйетін. Орталығы облыстың, Жақсылығын үйетін.
© Тараз қаласы
Таразым бұл ғажайып
Таразым бұл ғажайып, Обылысы Жамбылдың. Қаламыз бұл орталық, Сыйлар бізге таң нұрын.
© Тараз қаласы
Орталығы Жамбылдың
Орталығы Жамбылдың, Осы Тараз қаласы. Туған Тараз жерінде, Мен қазақтың баласы.
© Тараз қаласы