Семей туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Семей" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Семей" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Семей" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Семей" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Тақпақтар: 28
Өлеңдер: 36
Құттықтау, тілектер: 10
Әңгімелер: 1
Поэмалар: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 2

Сенімен бір өсемін
Сенімен бір өсемін, Жарқылдай түс, Семейім! Ашылады тынысым, Сен дегенде көмейім!
©  Семей қаласы
Тек қана алға, Семейім!
Тек қана алға, Семейім, Жарқырай бер, жандана! Тәнті болсын өзіңе, Барлық ғалам таңдана!
©  Семей қаласы
Абай болып жырлаймын
Ғажап қалам, Семейім, Ұлылармен танылған. Абай болып жырлайын, Өзің жайлы салып ән.
©  Семей қаласы
Шарайнасы жанымның
Семейім сен, Семейім, Шарайнасы жанымның. Куәсі сен өзіңсің, Балдай бала шағымның!
©  Семей қаласы
Ән саламын өзің деп
Туған жерім Семейім, Ән саламын өзің деп. Балдай балғын шақтарым, Қайталанбас сезім деп.
©  Семей қаласы
Абай жолын жаздырған
Абай жолын жаздырған, Ұлылардың жері бұл. Сұлу қалам, Семейім, Жақсы көрем сені бұл!
©  Семей қаласы
Мен бақытты баламын
Семейімде туылған, Мен бақытты баламын. Ұлылардың мекені, Исі қандай даланың! Топырағына еркелеп, Әсем әнге саламын. Өзіңде ойнап, Семейім..
©  Семей қаласы
Семейдегі күндерім
Қуантады мені тек, Семейдегі күндерім. Жұлдыздарын санаған, Айлы аспан, түндерім!
©  Семей қаласы
Семейім бар осындай
Семейім бар осындай, Менің қалам киелі. Семей жайлы бұрыс сөз, Көңіліме тиеді.
©  Семей қаласы
Семей деген қалам бар
Семей деген қалам бар, Жазиралы далам бар. Абай ата жолымен, Жүретін бар адамдар. Мұхтар ата жазбасын, Оқитын көп адам бар. Ұлылардың мекені, Оң мен..
©  Семей қаласы
Абай, Мұхтар мекені
Абай, Мұхтар мекені, Баурап алар өзіне. Ұлылармен мақтанам, Назар салып сөзіне. Туылғандар, нәр берген, Семейімдей жеріме.
©  Семей қаласы
Семей деген қалам бұл
Семей деген қалам бұл, Мекені Абай атамның. Өлең оқып мен-дағы, Абайша үн қата алдым!
©  Семей қаласы
Өзің барда Семейім!
Өзің барда Семейім, Жарқырайды жаным бұл. Семейімсің арайлы, Куәсі атар таңымның.
©  Семей қаласы
Гүлді бағы жанымның
Гүлді бағы жанымның, Мекенісің арымның. Семейімсің, Семейім, Жері алтын тағымның!
©  Семей қаласы
Туған жерім мекенім
Семейімсің сен менің, Туған жерім мекенім. Қай жерлерде жүрсем де, Сені мақтан етемін.
©  Семей қаласы
Семейіме рахмет!
Семейіме рахмет, Әр күн сайын жанданған. Ақын жырлап, жазушы, Әншілері ән салған. Сенсің менің тұрағым, Сағынышпен қарсы алған.
©  Семей қаласы
Менің қалам сүйікті
Менің қалам сүйікті, Семейім сен өзіңсің. Жанымызды тербейтін, Бұрынғының көзісің!
©  Семей қаласы
Абай ата мекені
Абай ата мекені, Осы менің Семейім! Бір сен жайлы сөйлесем, Ашылады көмейім!
©  Семей қаласы
Жанымсың сен Семейім!
Жанымсың сен Семейім, Ашық дәйім аспаны. Әр күн сайын ғажайып, Жазылатын дастаны...
©  Семей қаласы
Семейімдей қалам бар
Семейімдей қалам бар, Ұланасыр далам бар. Мен бақытты баламын, Ең бақытты саналған!
©  Семей қаласы
Семейімсің сен менің
Семейімсің сен менің, Мекен болған жаныма. Сенде тудым, мінеки, Тағдыр жазып бағыма...
©  Семей қаласы
Семейімсің
Семейімсің туған жер, Бесігімен тербеген. Ауасымен тап-таза, Бұл жанымды емдеген.
©  Семей қаласы
Осы менің Семейім!
Осы менің Семейім, Бақытымның тұрағы. Кең даласын айнала, Биік ұшар қыраны...
©  Семей қаласы
Сенде тудым Семейім!
Сенде тудым Семейім, Туған жерім өзіңсің! Нұр беретін жаныма,Жақсылардың көзісің!
©  Семей қаласы
Семейімді сүйемін
Семейімді сүйемін, Сені ойлап жүремін. Бала күннің куәсі, Бір өзің деп білемін.
©  Семей қаласы