Жаңа жылға құттықтау туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 58
Өлеңдер: 11
Құттықтау, тілектер: 51
Баталар: 3

Жаңа жылым кеп жетті
Ақ қоянын жетелеп, Жаңа жылым кем жетті. Ақ қоянның жылы бұл, Әлеуметті теңді етті.
©  Жаңа жыл
Бақыт, шаттық орнасын
Қоян жылы ашты есік, Бақыт, шаттық орнасын. Жақсылықтар үн қосып, Таба берсін жалғасын.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылда жайнайық
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылда жайнайық. Қанат байлап биікке, Қыран құстай самғайық.
©  Жаңа жыл
Қоян жылы ашты есік
Қоян жылы ашты есік, Құтты болсын жаңа жыл. Аман болсын еліміз, Бақыт сыйлап жаңа күн.
©  Жаңа жыл
Келді міне қоян жыл
Келді міне қоян жыл, Құтты болсын қазағым. Қоян жылы құлпырып, Арта берсін ажарың.
©  Жаңа жыл
Бақ-береке орнасын
Жаңа жылда, жаңа күн, Бақ-береке орнасын. Жиырма үшінші жылымыз, Жақсы күнді жалғасын.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылдың тәтті әні
Құтты болсын жаңа жыл, Жиырма үштің ақ таңы. Шырқалсыншы жаңадан, Жаңа жылдың тәтті әні.
©  Жаңа жыл
Ұстазым жаңа жылыңмен
Құтты болсын ұстазым, Жаңа жылың кеп жеткен. Жиырма үшінші жыл сізге, Берсін күнін нұрлы еткен.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылыңмен анашым
Жиырма үштің ақ таңы, Келіп жетті анашым. Құтты болсын жаңа жыл, Күнін сыйлар жаңашыл.
©  Жаңа жыл
Әжетай жаңа жылыңмен
Құтты болсын әжетай, Жаңа жылың, жиырма үш. Жаратқаным жар болып, Берсін қуат, бойға күш.
©  Жаңа жыл
Ата жаңа жылыңмен
Жаңа жылың, жиырма үш, Құтты болсын аташым. Саулығыңыз мықты боп, Аман болшы аташым.
©  Жаңа жыл
Құтты болсын жиырма үш
Есік ашқан бүгінгі, Құтты болсын жиырма үш. Жаратқаным жар болып, Берсін деймін бойға күш.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылым, жаңа жыр
Есік ашты мінеки, Жиырма үштің ақ таңы. Жаңа жылым, жаңа жыр, Болсын елдің мақтаны.
©  Жаңа жыл
Шаттығымыз көбейсін
Келді ағайын жиырма үш, Шаттығымыз көбейсін. Аман болып отбасы, Керегеміз кеңейсін.
©  Жаңа жыл
Қадам бааты жиырма үш
Жанымызды тербелеп, Келіп қалды жаңа жыл. Қадам басты жиырма үш, Есік ашып жаңа күн.
©  Жаңа жыл
Жиырма үштің ақ таңы
Келіп қалды жаңа жыл, Жиырма үштің ақ таңы. Орындалсын, шырқалсын, Жаңа жылдың тәтті әні.
©  Жаңа жыл
Қарсы алайық жиырма үш
Қарсы алайық жиырма үш, Жаңа жылым ашты есік. Қуанайық, шаттанып, Құтты болсын біз десіп.
©  Жаңа жыл
2023 келді жаңа жылымыз
Ашып есік жиырма үш, Келді жаңа жылымыз. Арналады өзіңе, Әніміз бен жырымыз.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылмен бүгінгі
Құттықтаймын баршаны, Жаңа жылмен бүгінгі. Өздеріңе арнаймын, Әнім менен жырымды
©  Жаңа жыл
Арайлы атсын таңымыз
Жаңа жылда қуантып, Арайлы атсын таңымыз. Жаңа күнде жарқырап, Кіре берсін сәніміз.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылым, жаңа күн
Келіп жетті қуантып, Жаңа жылым, жаңа күн. Бақ-береке, ынтымақ, Жоғалмасын бірлігім.
©  Жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Қуаныш пен бақ сыйлап, Кел жаңа жыл, жаңа жыл. Нұрыңды шаш жаңаша, Жаңа жылда жаңа күн.
©  Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл ұстазым
Құтты болсын мінеки, Ұстазым жаңа жылыңыз. Жаңа жылда жаңаша, Сәтті болсын күніңіз.
©  Жаңа жыл
Анашым жаңа жылыңмен
Нұрын төккен маған, Арқа сүйер панам. Құттықтаймын сізді, Жаңа жылмен анам.
©  Жаңа жыл
Әке жаңа жылыңмен
Әке жаңа жылыңмен, Шаттаныңыз, күліңіз. Амандықта, саулықта, Ортамызда жүріңіз.
©  Жаңа жыл