Қоян жылы туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 2
Құттықтау, тілектер: 10
Баталар: 2
Эсселер: 1

Атсын жайнап таңымыз
Қоян жылы күлімдеп, Атсын жайнап таңымыз. Аман болып қазағым, Жана берсін бағымыз...
©  Жаңа жыл
Тыныш болсын еліміз
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылды тойлайық. Тыныш болып еліміз, Жарқырайық, жайнайық.
©  Жаңа жыл
Жарқыраймыз, жанамыз
Келді жаңа жылымыз, Жарқыраймыз, жанамыз. Қоян жылын қарсы алып, Әсем әнге саламыз.
©  Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл, Қоян жылы келген бұл. Аппақ қоян сыйласын, Қуанышын берген күн.
©  Жаңа жыл
Атты жаңа таңымыз
Қоян жылы келіп бұл, Атты жаңа таңымыз. Құтты болып жаңа жыл, Жарқырасын жанымыз.
©  Жаңа жыл
Қоян жылы бақ болсын
Қоян жылы бақ болсын, Шаттығымен тербейтін. Қоян жылы болсын жыл, Жаманға жол бермейтін.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылда жайнаңыз
Қоян жылы ашты есік, Жаңа жылмен үндесіп. Жаңа жылда жайнаңыз, Ынтымақта бірлесіп.
©  Жаңа жыл
Келді қоян жылымыз
Құтты болсын жаңа жыл, Келді қоян жылымыз. Қоян жылы тыныш боп, Шықсын жарқын үніміз.
©  Жаңа жыл
Мен қоянмын, қоянмын
Мен қоянмын, қоянмын, Иесімін бұл жылдың. Биыл менің жылымда, Таусылмасын ән, жырың.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылым кеп қалды
Жаңа жылым кеп қалды, Ақ қоямен қараңыз. Қоян жылы бірлікте, Жайнай берсін арамыз.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылым кеп жетті
Ақ қоянын жетелеп, Жаңа жылым кем жетті. Ақ қоянның жылы бұл, Әлеуметті теңді етті.
©  Жаңа жыл
Бақыт, шаттық орнасын
Қоян жылы ашты есік, Бақыт, шаттық орнасын. Жақсылықтар үн қосып, Таба берсін жалғасын.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылда жайнайық
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылда жайнайық. Қанат байлап биікке, Қыран құстай самғайық.
©  Жаңа жыл
Қоян жылы ашты есік
Қоян жылы ашты есік, Құтты болсын жаңа жыл. Аман болсын еліміз, Бақыт сыйлап жаңа күн.
©  Жаңа жыл
Келді міне қоян жыл
Келді міне қоян жыл, Құтты болсын қазағым. Қоян жылы құлпырып, Арта берсін ажарың.
©  Жаңа жыл