Жыл он екі ай туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 1

Қазан айы
Қазан келіп,КөсілдіАяқтап жұрт жұмысты.Тал‑дарақтар шешінді,Қыс қамына кірісті.
©  Сұлтан Қалиұлы
Қыркүйек айы
Қыркүйек кеп,Күз келіп,Шопан көшті күздеуге.Мектепке бет түзедікГүл құшақтап біздер де.
©  Сұлтан Қалиұлы
Тамыз айы
Тамыз жомарт бұйырды –Пісті қауын, алма, өрік.Жүзім, алмұрт үйілдіДастарқанға сән беріп.
©  Сұлтан Қалиұлы
Шілде айы
Шілде келді,Бұл бір ай–Жаз айы ғой ең ыстық.АпамызғаҚұлпынай,Алша, шие терістік
©  Сұлтан Қалиұлы
Маусым айы
Құс көбейді көлдегі,Маусым келді– жаз мейрам.Асыр салып төлдері,Жан-жануар мәз-мейрам.
©  Сұлтан Қалиұлы
Мамыр айы
Мамыр келді– ән-думан,Көлде аққу қалқыды.Орақ түскен шалғыннанЖұпар иісі аңқыды.
©  Сұлтан Қалиұлы
Сәуір айы
Сәуір келіп жетті енді,Дала гүл‑гүл жайнады.Жырға қосып көктемді,Әнші құстар сайрады.
©  Сұлтан Қалиұлы
Наурыз айы
Наурыз келді шуақты,Шаттанбаған бар ма алап?Жылғалармен су ақты,Бүрін жарды тал-дарақ.
©  Сұлтан Қалиұлы
Ақпан айы
АқпандаҚыс ызғарыҚайтпағанмен,Күн жылып,Айналаның мұз-қарыБір қатады, бір жібіп.
©  Сұлтан Қалиұлы
Қаңтар айы
Қаңтар келді ышқынып,Сірескен қар жан-жағың.Үдегенмен үскірік,Күн ұзарды қарға адым.
©  Сұлтан Қалиұлы