Қаңтар туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 47
Әңгімелер: 2

Қаңтар айы
Қаңтар келді ышқынып,Сірескен қар жан-жағың.Үдегенмен үскірік,Күн ұзарды қарға адым.
©  Сұлтан Қалиұлы
МЕЗГІЛДЕР
Қаңтар деген немене,Қар мен мұзды елеме.Ақпан келсе ақырып,Аяз ұрар денеңе.Наурыз келді наз келді,Көңілдерге саз берді.Сәуір келді жаз келді,Қоңырала..
©  Жәди Шәкенұлы
Қаңтар
Қаңтарып бұлттардың тізгінін,Боранның соққаны-ай құйындап.Үскіріп аязы үздігіп,Қаңтар жүр қар үстін шиырлап.
©  Қалмаханбет Мұқаметқали
Мұңға батты бұл қазағым (қаңтар, 2022ж)
Мұңға батып бұл қазағым,Жабырқаулы күйге енді. Қаңтар айы ызғарымен,Жұлып кетті гүлдерді.
©  Жібек Ысқақова
Ауырады жүрек, ауырады (қаңтар, 2022ж)
Ауырады жүрегім ауырады,Қаңтар айы қара бұлтын төндірген.Қарақшылар, бұзақылар үн қатар,Әр қаланы еш аяусыз бүлдірген.
©  Жібек Ысқақова
Қазағымның азабы-ай! (2022ж, қаңтар)
Қазағымның азабы-ай,Жаңа жылмен бір келген.Тынышы елдің бұзылып,Күйі кетті тербелген!
©  Жібек Ысқақова
Қаралы күн, азалы үн (2022ж, қаңтар)
Қаралы күн, қайғылы, Жанымызға батады.Әкімшілік өртенген, Біздерге үн қатады.
©  Жібек Ысқақова
Жүрегіміз ауырады, жабырқап. (2022ж, қаңтар)
Жүрегіміз ауырады, жабырқап,Бұл қаңтардың дүрбелеңін еске алсақ.Жанардан жас ағылады бір демде,Қалалардың жай-күйіне көз салсақ.
©  Жібек Ысқақова
Есте мәңгі сол күндер (2022ж, қаңтар)
Есте мәңгі сол күндер,Алаулы отқа жандырған.Оқ жаудырған сол түндер,Иттер ұлып, қаңғырған.
©  Жібек Ысқақова
Ызғарын-ай қаңтардың (2022ж)
Ызғарын-ай қаңтардың,Былығына батырған.Әскерлері елімнің,Ұйқысыз таң атырған.
©  Жібек Ысқақова
Қаңтар айы жылатты (2022ж)
Қаңтар айы жылатты,Ызғарына тоңдырып.Түн ұйқыны ұрлатты,Әскерді атқа қондырып.
©  Жібек Ысқақова
Жүрек сыздап, жылайды (2022ж)
Барыс жылы келгенде, Бұзақы ашты есігін.Ойрандады, қиратты,Қазағымның бесігін.
©  Жібек Ысқақова
Азапты күн, азалы (2022ж)
Азапты күн, азалы,Қара түнек бойлаған.Қаралы күн, азалы,Боздақтарды ойға алам.
©  Жібек Ысқақова
Қаңтар айы, дүрбелең (2022ж)
Қаңтар айы, дүрбелең,Қасіреті үндеген.Бұзақылар басқан күн,Аяушылық білмеген.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылдың азабы-ай (2022ж)
Жаңа жылдың азабы-ай,Жаңа күннің мазағы-ай.Дүрбелеңді өткерген,Бұл қазағым, азалы-ай!
©  Жібек Ысқақова