Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Мектебім
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Мектебім – білім берер...
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада..
Мектеп үйім
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Мектеп
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар,
Ақыл, білім жетіліп санасында.
Бастауышпен қоштасу
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Армысың..
Армысыздар ұстаздарым
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
Армысыздар..
Бастауышпен қоштасу
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Күшігім
Өзі адамға үйірсек,Өліп-өшіп ойнайды.Қиқуласып жүгірсек,Қашып жүр деп ойлайды.
Қуып жетіп қалғанда,Білмейді не істерін.Балтырыңнан..
©  Қадыр Мырза Әли
Бастауышпен қоштасу
Қош бол,құтты бастауыш,
Сенен оқып бастадым.
Білім бердің бойыма,
Нәр алды сенен жас жаным.
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сынып, мектебім,
Бүгін,міне, қош дедім.
Білмей қалдық 4 жылдың,
Қалай зырлап өткенін.
Сынып жетекші
Сынып жетекші ұстазым екінші аяалаған,Біздерден бар білімін аямаған.Жетекші апай сізге ерекше көп алғыс,таңертең күнде қушақ жаяр алданӘр адам құрмет..
Ардагерлер туралы тақпақ
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,Жас сәбилер думандатып ойнайды.Ардагерлер көздеріне жас алып,Ұрпақтарының амандығын ойлайды.
Ардагерлер
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.Осындай бір бейбіт өмір сыйлағанАрдагерлер, ағаларға мың алғыс.
Ардагер
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,Жас сәбилер думандатып ойнайды.Ардагерлер көздеріне жас алып,Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Соғыс туралы такпак
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,Жігер менен құштарлықтың құралы.Күрескердің арманы мен ұраны,Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Соғыс
Жеңістің туы жалтылдап,Жығылмай мәңгі тұрады.Сол тумен өскен аршындап,Ерлердің бізбіз ұланы!
Соғыс туралы тақпақ
Кек қайтарып фашистен,Соғыс бітті жеңіспен.Жеңдік жауды күресте,Жасалсын той мереке!
Қыз сипаты
Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты,Ақ мандай, жазық қабақ, сүмбіл шашты.Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті. 
©  Сүйінбай Аронұлы
Тоқтар Әубәкіров
Әубәкіров ағаның,Даңқы көпке самғаған.Тоқтар аға Гагарин,Салған жолды жалғаған.Тоқтар ағам жан ағам,Бұрыннан да ер еді.Мен де батыр ағадай,Ұшқым..
Өнер-бiлiм
Тұмсықтының тамағы,Шоқу менен табылар,Өнер-бiлiм дегенiң,Оқуменен табылар. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Хат
Столымда хатың жатыр шашылып,Сенің аппақ құшағыңдай ашылып.Бүгін түнде жанарымның жасы өлді,Кірпігіме асылып...
©  Мұратхан Шоқан
Мен ғарышкер боламын
Аспан, аспан арайлымСаған жиі қараймынСені көзбен шоламынМен ғарышкер боламын.
Ғарыш
Сырын ашып ғарыштыңТуған елдің бағынаҚұшағына даламның,Ораламын тағы да.
Ғарышкерлер күні - 12 сәуір
Тоқтар, Талғат және АйдынҒарышқа ұшты самғапӨлең жазды ақындарҮшеуіне арнап.
Ғарышкерлер туралы тақпақ
Тоқтар менен ТалғатҒарышқа ұшты самғапЕл мерейін өсірдіКөк пен жерді жалғап.