Алфавит туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 11
Жұмбақтар: 85
Тақпақтар: 40
Өлеңдер: 4
Жаңылтпаштар: 36

Созакта бар,Арыста жок.Қазақта бар,Орыста жок.(3)
Әкеңде бар,Атаңда жоқ. Тәтеңде бар,Апаңда жоқ.(Ә)
Меңде бар,Қалда жоқ.Сеңде бар,Қарда жок.(Ң)
Құланда бар,Құнанда жоқ.Жыланда бар,Қыранда жоқ.(Л)
Тазыда бар,Итте жоқ.Қазыда бар,Сүтте жоқ.(3)
Тауда бар,Таста жоқ.Жауда бар,Доста жоқ.(У)
Иекте бар,Бетте жоқ.Сүйекте бар,Етте жоқ.(К)
Санда бар,Сапада жок.Ханда бар,Қарада жоқ.(Н)  
Басы да «а», соңы да «а»,
Оқығандар ұғады.
Ортасына не қоссаң,
Ата болып шығады?

Жауабы: Т
Нарда бар,
Малда жоқ.
Нанда бар,
Қарда жоқ.

Жауабы: Н
Саңлақта бар,
Салмақта жоқ.
Қаңбақта бар,
Қалмақта жоқ.

Жауабы: Ң
Балада бар,
Данада жоқ.
Бабада бар,
Ағада жоқ.

Жауабы: Б
Жансызға жиырма тоғыз болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем..
Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.

Жауабы:..
Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.

Жауабы: Жиырма тоғыз..
Шаңда бар,
Желде жоқ.
Тозаңда бар,
Құйында жоқ.

Жауабы: Ң әрпі
Халықта бар,
Елде жоқ.
Халатта бар,
Көйлекте жоқ.

Жауабы: Х әрпі
Мейізде бар,
Өрікте жоқ.
Киізде бар,
Сырмақта жоқ.

Жауабы: З әрпі
Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?
Ал зердеге салайық
Болады екен қай..
Екі тіреу,
Басы біреу.

Жауабы: П әрпі
Қарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ.

Жауабы: Р әрпі
Өмірде жоқ,
Өңірде бар.
Ауырда жоқ,
Жеңілде бар.

Жауабы: ң әрпі
«Ащы» дейсің қазақта,
Келу үшін осы әріп.
Құрық жалғап азапқа,
Түсті «ш»-ға дос әріп.

Жауабы: Щ әрпі
Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?

Жауабы: Әліппе
Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран.

Жауабы: 42 әріп