Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Қара құрт жеген қой семіреді,
Қан соқта жеген ит семіреді.
Пара жеген би семіреді.
Қойшының қызы
Қой келгенде таранады.
Қойды күз құмға айда,
Жаз шымға айда.
Жылан жылы — жылыс,
Жылқы жылы — ұрыс,
Қой жылы — тыныс.
Қой төлемі — қозы.
Жапанда өскен жапалақ
Көл қадірін білмейді.
Ербең құлақ еркек қой
Төл қадірін білмейді.
Қойдан қойдың несі артық,
Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық,
Ойлап айтқан сөзі артық.
Арық ат — тулақ,
Ашаң жігіт — қунақ.
Қора менікі болғанмен
Қойы елдікі.
Қыста қойыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап!
Қой қорасына тартады,
Жігіт жорасына тартады.
Ақсақ қойдың аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
Жаман қой өршіл,
Жаман ат тершіл.
Жақсы қойшының
Төлі түлеп туады,
Жаман қойшының
Төлі жүдеп туады.
Айдай салдың малы өспейді.
Көре салдың қойы өспейді.
Қошқарды күйегімен,
Киікті сүйегімен жұтады...
Қой қозысын іздейді,
Шаруа қонысын іздейді.
Сиыр бақтым — сидаң қақтым,
Ешкі бақтым — еңіреп бақтым.
Қой бақтым— қоңыраулаттым.
Астауда қалған суды
Арық қой ішеді.
Қой жайын көздесең
Құмға көш.
Сиыр жайын көздесең,
Сырға көш.
Той өтті —
Қой бітті.
Тойсаң,
Тоқтының еті топырақ татиды.
Жарлының жалғыз қозысы.
Қасқырға жем болады.
Қынына қарап, пышағын таны,
Қозысына қарап, тұсағын таны.
Қойым тоқ қорамда,
Қайғым жоқ боранда.