Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
Ешкі қырққан сайын бір өледі,
Ер жігіт ұялған сайын бір өледі.
Шыбынды шыбықпен айдаған,
Шыбышты сырықпен айдаған.
Лақпын деп ойлайды тоқал ешкі.
Есің кетсе ешкі жи,
Ешкі жиып, есің жи.
Егіз лақты ешкіге
Екі елі май кім берсін?!
Таудағы киік
Таста ойнақтаса,
Төменде тұрған текенің
Тұяғы қышиды.
Ешкі бастаған қой,
Егінге түседі.
Сақал текеде де бар.
Қотыр теке қора былғар.
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
Құлағынан айрылыпты.
Бұрын шыққан құлақтан,
Кейін шыққан мүйіз озады.
Ешкіні түлен түртерде
Шопанның таяғына сүйкенер.
Ешкілі қой өрген.
Құрттаған қой
Кескекті ала кетер.
Қойыңды жаз бақ, күз бақ,
Сонансоң құй бақ, құй бақпа.
Жалған сөз — жанға қас,
Жалқау қойшы малға қас.
Қой төлімен жарасты,
Жапырақ гүлімен жарасты.
Құдай бергеннің қойын
Қыдыр бағады.
Ақ қошқар бүгін сойылар,
Алдыңа басы қойылар,
Ашыққан қарын тойынар.
Қойшың малсақ болса,
Малдандым де.
Қойшың жаңсақ болса,
Алдандым де.
Қора оңды болса,
Қойың қоңды болар.
Желінсау қой қосаққа кірмейді.