Киік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 5
Поэмалар: 1
Аңыздар: 3

Тура кеткен киіктің көзінен басқа жарасы жоқ.Бұл мақал ауыр іске душар болып, басқа жандардың əжуасына ұрынған жандарға қаратып айтылады.
©  Түркі халықтары
Екі таудың шөбін аяған киік – аш қалар.
Жаралы киік жата алмас.
Ұсталмаған киікті,
Ұсынумен сый ұтты.
Көш басшысы жоқ ел оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.
Бүркіт саңқылдаса,
Киік күйбектейді.
Таудағы киік
Таста ойнақтаса,
Төменде тұрған текенің
Тұяғы қышиды.