Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  411


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Достарым


Өмірдің мына парақтарынан, қарап танығам,
Жаныма жақын достарды.
Келгенде ұзақ жырақтардан біз, сыр ақтарғанбыз,
Кездесіп жиі жоспарлы.



Толқынның түрлі ағындарына, бағынбадым да,
Иесі болдым мықтының,
Себебі сенің ақылдарыңды, мақұлдадым да,
Үмітке мініп жықтым мұң.


 


Жаныма дауа іздеген кезде, көздегем лезде,
Көруді сені тыңдауды.
Аламын қуат қауышқанымнан, дауыстарыңнан,
Сезбеген болып, тым дауды.


 


Өзіңдей достар менде ғана-дай, емге панадай,
Әлемнің жарық жұлдызы,
Бақытын берсін екі ғаламның, бермей нала мұң,
Алланың сүйген ұл-қызы!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу