Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  361


Автор: Шөмішбай Сариев

Туған жер

1. Халқым жайған тамырын,
Топырағым құнарлы.
Елім тауым, алыбым,
Көңілім күмбез мұнарлы.
Қолдан келсе жұмақты,
Орнатар ем басыңа.
Сөйлетер ем қуатты,
Тіл бітіріп тасыңа, туған жер.
Қайырмасы:
Бәйтеректей өрде өсер,
Жапырақты жаяйын,
Туған жерім сен десем,
Сенен нені аяйын?!
Сенен нені аяйын, туған жер!
Қолдан келсе ғұмырын,
Ұзартар ем адамның
Тағдырына жырының,
Айналар ем даламның, туған жер!
Қайырмасы.
2. Қолдан келсе барымды,
Алдарыңа саялы ел,
Жүрегім мен жанымды,
Дастархан ғып жаяр ем.
Баба далам қария,
Қолдан келсе, ұлы елім,
Көңіл шалқар дария,
Жасартар ем жүрегін, туған жер!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу