Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  100


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ЖАЛҒЫЗДЫҚ-ІІ

Үзіп алып үмітімнің бір талын, таң
алдында үкі маған бал ашты. Сенбеп
едім мен оған,
шын боп шықты болжамы –
Сенсіз қалдым!
Сенсіз қалдым, жын-перілер кешкі астарын ішерде.
Ақын едім мен жап-жас.
Ақын едім мен жап-жас!
Мендік қуат – от еріннің ұшында еді Сендегі!..
Қарашығын Ой үсіткен Өлөңімнің маңдайын
қызыл тілмен сипалап,..
...Сені азғырған көк сайтанның уландым мен демінен.
Мың сан жұлдыз қақпағына қағылған
Табыт – Түннің жатып
алып ішінде, Мен
Сен жаққа қол созам...
Обалыма от жағып,
жат біреумен отырсың сен ыңылдап.
Қолдарыңда күмістұмсық күрсіністерім бар үйтілген!..
 * * *
Әй, қарғалар, алдыңдар ма
мекендеп көне бақтың
түкпірін?.
Күні мұнда білінбейді екен де
әлсіздер мен мықтының...
Санап басып көрдіңдер ме адымды?
Ойлау қалай жол қамын?
Сендер қара қарғасыңдар, кәдімгі. Ал,
мен қызыл қарғамын!..
Жатыр іште шалажансар армандар.
Қуаныш бар аздаған.
Жаназамды шығарғандай болмаңдар,
сендерге оны жазбаған. Шулайсыңдар,
осы бақты күнде мен қарашықпен
өпкенде.
Қай құдайға сыйынарын білмеген
қаңғып жүр ғой көп пенде.
Осы қазір, Аспан – қара, жол – аппақ.
Өзім жоқпын, сұлбам – бар... Көңілімнің
қабағына қонақтап, қарқылымды
тыңдаңдар:
«Әр күніміз (сайқалдығын білгізген) –
жылар, күлер, бағжаңдар...
Жолдастар! – деп ақыл айтып жүр бізге
жолдастыққа жоқ жандар.
Құбылмалы кілең қулық.
Қалғаны –
қайыры жоқ әсемдік.
Мен оларға жүрмін, иә, нанғалы,
Атасының басы енді!..»...
Енді маған жөндерің жоқ таң қалар.
 Солай болсын ләйім...
Қарқылдаңдар, қарқылдаңдар, қарғалар,
сирақтарыңды ұрайын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу