Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  103


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

АУЫЛ КЕШІ

Қастерлеген хатыңды, бағалаған, аманесен мұндағы жаман ағаң. Қақпақылдап
тынымсыз жел – уақыт, қаңбақ – күндер
келмеске домалаған.
Төлдеп болды қолдағы ырысты мал.
Жүрегіңді тербетер тыныштық – ән.
Бүгін Аспан боталап, Тау тамсанды,
бүйен – сайға құйылып уыз тұман.
Қойшы аянбас сіздердей қонағынан, не
бір серке сойылар, не бағлан...
Жаз жазмышын оқисың, жанар қадап,
жадыраңқы іңірдің қабағынан.
Ыңылдайды інішек «Дудар-ай»-ды.
Ырымдайды қойшымыз туған Айды.
Таныстырған өзіңе тарғыл мысық
тышқандарды күнұзын қудалайды.
«Қылышбұлақ» – құты бар мекеніміз.
Жеке там үй – біздегі жеке мүйіс. Марқакөңіл қоймайды маңырауын, терезеден Ай
қарап текемүйіз.
Болмаса егер бойдағы сабыр-ұстам, саған
деген өлер ме ем сағыныштан. Көгілдір
нұр төгіп тұр Көкте жұлдыз, қой
көзіндей, сәулеге шағылысқан.
Тындырғандай осы айда зор жұмысты,
кеше ақыры «аспанға бөркім ұшты». Төл
 деген не, тәйірі,
күні ертеңгі
«сақманы» Өлөңнің қорқынышты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу