Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  172


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Қарлы ойларым түйлiгiп неше келдi...

Қарлы ойларым түйлiгiп неше келдi...
Жарлы ойларым жарыды, еселендi.
Күркiреген дауылдай бiр күштi ағын
Найзағайлы аспанға көшер ендi.
Көшер ендi, оралып келмес қайтып,
Қала берем орнымда, мен қош айтып.
Осылайша, жанымның бiр бөлшегi
Менен бұрын бақиға кетер тайқып.
Ойларымнан арылып, бос қалармын..
Бұл пəниге сонда мен жат болармын.
Жүгi кетiп, салт қалған жолаушыдай,
Ең соңынан өзiм де аттанармын.
Аттанармын. Əзiрше отта бармын.
Отта болсам, балқырмын, шоқтанармын.
Күркiреген дауылым Күнге беттеп,
Сол шоғымды үрлей кет, тоқтап алғын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу