Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  104


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Тыпырлап тырнағында əзiрейiлдiң....

Тыпырлап тырнағында əзiрейiлдiң,
Жылаймын, езiлемiн, еңiреймiн.
Зымырап ұшып барам, арыстанның
Аузындай – апанына кең үрейдiң.
Жаншылған тепкiсiнде темiр ойдың,
Тарысы аз, келсабы ауыр келiдеймiн.
Тозамын. Жұқарамын. Кетiлемiн.
Сонда да өз сорымнан жерiмеймiн.
Сондықтан ызалымын, не дүлеймiн,
Үңгiрдiң мұзындаймын, ерiмеймiн.
Жатамын жарылмаған мина болып,
Тепкiлеп көмсең дағы менi, мейлiң.
Желкесiн күдiрейтсе бөрiдей күн,
«Мен бар!» деп, аш бұзауша мөңiреймiн.
... Əй, бөрi-ау, бардың бəрiн сен жалмадың,
Мен ендi сенi жемей, ненi жеймiн?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу