Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  93


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Сəрiде туған ақ сəуле

Сəрiде туған ақ сəуле
Бейуақта жалғыз өледi.
Тапсырып жанын жат тəнге,
Жасырып түн көмедi.
Ертеңгi жанын кешке алып,
Несiне тəңiрiм еттi əуре..
Қыршын да кеткен жас жарық,
Арманың сенiң жоқ па, əлде?
Атқан бiр таңды ағарып,
Кiм күтушi едi, түн күтпей.
Бар болу үшiн жаралып,
Жоқ болу деген сұмдық қой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу