Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  110


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Тоқырауда тойғандар –

Тоқырауда тойғандар –
Боқырауда тоқ əрi.
Мұздан құдық ойғандар –
Су сатады бағалы.
Майлы iшектей жылпостың
Бағы əмiсе жоғары.
Көп асқынға бiр тосқын
Бар деушi едi, жоқ əлi.
Мына селiң өктем ғой,
Баса-көктеп ағады.
Ағытылып кеткендей
Лай судың тоғаны.
Жуас өгiз – күш-көлiк,
Жүк артуға болады.
Адал жандар – iске құт,
Айлакерге обалы.
Баулушы едi жасынан
Əке деген – баланы.
Арсыздарын басынан
Сипайды екен қоғамы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу