Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  89


Автор: Ғұсман Жандыбаев

СЕН...

Сен басқаша сайрап ең кеше ерсiнiп,
Шыға келдiң бүгiн де шешенсiнiп.
Əттең, менiң қолымда пышағым жоқ,
Алар едiм жаныңнан кесел сылып.
Ұран салып сен кеше берi шаптың,
Сол айғаймен, ал бүгiн керi шаттың,
Екi ұдай боп ел аң-таң... Тек сен ғана
Селт етпейсiң... Ненi алып, ненi саттың?
Зордан асып зор шықса аты мығым,
Жылмаңдайсың, қақшып ап қақырығын.
Итке арнаған сөзiңдi мысыққа айтып,
Ауыстыра қоясың тақырыбын.
Қара басың болған соң – сиынғаның,
Сыққан биттiң қанындай – сыйың мəлiм.
Үнiң аққу болғанда, тiлiң шаян,
Көл мен шөлдiң арасын шиырладың.
Көп момынды жүргенмен пысың басып,
Сөзiң əтiр аңқиды, iсiң сасық.
Жарығына жалғанның тастар ма едi,
Сұм түлкiнiң iнiндей iшiңдi ашып.
Сиқыр сөзбен сыйлы етiп басыңды елге,
Домалатқың келедi тасыңды өрге.
Жауға жалғыз аттандап шапқан ерше,
Жанығасың, жалбырап шашың желге.
Сыртың қарық бiр жансың, iшiң кəрiп,
Сөзiң семiз болғанмен, iсiң арық.
Тойдан шығып, жиынға томпаңдайсың,
Қолтығыңа папкiңдi қысып алып.
Билiк айтып, жол бастап, тарланданып,
Салдырлата жөнелдiң арбаңды алып.
Мұнда жүрмiз бiз əлi... Ал сен өзiң
Қайда лағып барасың далбаң қағып?
Даңқ – түлкi боғанда, сен бiр тазы,
Тiрлiгiңе көз куə, көңiл қазы.
Екi аяғың тартады екi жаққа..
Iздегенiң, қуғаның ненiң уəжi?
Ойпырмай, сен..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу