Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  73


Автор: Темірше Сарыбаев

СЕН МАҒАН СЕНЕСІҢ БЕ?

Көрмесек, болдық қазір тұра алмайтын,
Атар таң алдымызда мұнан да айқын.
Сұлудың өзі екенсің солқылдаған,
Ұстасаң, уысынан шығармайтын.
Сен маған сенесің бе, өзім десем,
Сенбесең, мен де бұлай сезінбес ем.
Ешқашан өкінбейтін болдым енді,
Сен жайлы тәтті ойлардан көз ілмесем.
Бәрі бар сенде қызға керектінің,
Ұнайды тік мінезің, өр екпінің.
Сонда да ынтықтырған баршасынан:
Ақылың,
Алғырлығың,
Зеректігің!
Осы бір туралығың,
Шыншылдығың,
Шашып тұр жан-жағына тылсым нұрын.
Алдында ақиқаттың асқақтықпен,
Аңыз боп ел аузында жүрсің бүгін.
Қайтпайтын алған беттен қайсарлығың,
Дос түгіл дұшпаныңа ой салды мың.
Еліңнің төрт бұрышын түгел қамтыр,
Қырандай қанатыңды жайсаң бүгін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу