Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  81


Автор: Темірше Сарыбаев

ЫМЫРАНЫҢ КҮНІ ӨТКЕН...

Маздап тұрған махаббатты күл еткен,
Мен де сені мәңгі өшірдім жүректен.
Ықыласым ығыр болды ызадан,
Ымыраның енді бізден күні өткен.
Бар,бара бер,
Бостандығың басыңда,
Ашуланба,
Айбар шекпе,
Ашынба.
Менен басқа кезігерсің көсемге,
Менен басқа жолығарсың асылға.
Ақ жүзімді тот шалмаған алмаспын,
Шүкір, мен де шетке шығып қалмаспын.
Аңдыса ғой, келіп тұрса аңдысқың,
Арбаса ғой, келіп тұрса арбасқың.
Кінәңды да, күнәңды да көп кештім,
Өкпелеумен өмір-бақи өтпес күн.
Құмсағызша соза бермей, ақыры,
Жал-құйрықты шорт кесейін деп шештім.
Енді маған жұмбақ емес әлемің,
Енді маған дәлел емес дәлелің.
Асып кетті шеңберінен шалқуың,
Асып кетті арнасынан әлегің.
Қош, махаббат!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу