Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  83


Автор: Темірше Сарыбаев

ЖАЗЫ ЛАЙСАҢ, КҮЗІ САРСАҢ

Өн бойыма у таратқан,
Жанымды жеп жатыр қайғың.
Жанартаудай жалын атқан
От шашамын, лапылдаймын.
Құрбан ем ғой сен дегенде,
Қалай бастан ұшты бағым?!
Көзде елесің көлбегенде,
Ыршырмын да ышқынармын.
Сыяр емес, толғамасам,
Жүрегіме сақтаған ән.
Бұрылғанша оңға қашан,
Берші медет, Хақ тағалам!
Арманым ең, қақ бөліндің,
Жолбарыстай ыңыранам.
Сенсіз кешкен сәттерімнің
Көк тиын ғой құны маған.
Жазы лайсаң, күзі сарсаң,
Өткеніме көп өкінем.
Игі үмітті үзіп алсам,
Ит өмірді неге сүрем?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу