Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  64


Автор: Гүлайша Ерахмет

Ей, Тəңірім өтінем...

Ей, Тəңірім өтінем,
Кешіктірме бақытымның көшінен!
Жыр-əнімнің бəрін соған арнайын,
Қыранымның көтермеші есінен.
Мазасызбын махаббаттың күшімен,
Соны сүйіп басқан сынды ісім оң.


Мына күннің қалсын бəрі есінде,
Қыранымның шығармашы түсінен.
Керек етпей мың сұлудың шырайын,
Мені сүйді ол деп ұғынып гүл-айым
Шырайымның нұрын тасытпасаң да,
Қыранымның көзіне ұнап тұрайын.
Мына өмірдің бес күндігін білемін,
Менде оны шын діліммен сүйейін.
Құдайымның бергеніне тəуба ғып
Қыранымның еркесі боп жүрейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу