Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  172


Автор: Гүлайша Ерахмет

Үйіме құран ілгелі

Үйіме құран ілгелі,
Жұмысымның бəрі сəтті боп,
Татқанымның бəрі тəтті боп.
Досымның бəрі қоршап жүр,
Дұшпанымның өзі бақ тілеп.
Таңертең күліп оянам,
Көрген түсім де жақсы боп.
Үйіме құран ілгелі,
Жеңілдеп кетті денем де,
Қайтадан тапты өлең де.
Шайтандар тұра кеп қашты,
Жаман көрсеткен мені елге.
Басыма қонғалы жүр-ау,
Бақыт құсы ұшып төбемде.
Үйіме құран ілгелі,
Өңім де кетті нұрланып,
Жүрмейтін болдым мұңданып.
Бойымнан ұшып кеткендей,
Пендешілік пен қызғаныш.
Айтқан əрбір сөзіме,
Əркімдер жүр иланып.
Үйіме құран ілгелі,
Қорқыныштардан серпілдім,
Тəубамды шындап келтірдім.
Мұхаметке үмбет болғанға,
Қуанамын да, толқимын.
Жеңімнен тарта да алмай жүр,
Баяғыдағы жемтір мұң.


Үйіме құран ілгелі,
Сабырлы болдым желп етпей,
Көрігенге күш көрсетпей.
Қанағат еттім барына,
Артық ақша үшін тер төкпей.
Алланың алақанында екен,
Дəметкен бағым еркектен.
Үйіме құран ілгелі,
Иманымды шын үйірдім,
Сəждеге келіп жығылдым.
Ақымақ болған басым-ай,
Атасын білмей ғылымның.
Кінəмді жуып жатырмын,
Бір бұрышында үйімнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу