Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  85


Автор: Гүлайша Ерахмет

Ер

Көңілімде аға дейтін ұғым жоқ,
Ешкімге де елп етпедім інім деп.
Жалғыз ұғым, ол ұғымның аты ер,
Жауға шапса санаспайтын бəсімен.
Сондықтан да ерлер жүрсе маңымда,
Аға-іні деп жасамаймын, айырма.
Ақын болсын, əкім болсын, бəрібір,
Ер екен деп білемін тек қадірін.
Үлкен болса сый-құрметім дап-дайын,
Кіші болса сипап қоям маңдайын.
Берген серттен айнымаса болғаны,
Биік ерден болғаны ол сонда ары.
Отыратын патшаны да тақтада,
Ер екен деп айтсаң болды, мақтама.
Сақтаулы тұр туған жердің картасы,
Соның бəрі сол ерлердің арқасы.
Еркектерге ер дейтұғын ат қымбат.
Осы сөзбен жігер күшін тасқындат,
Ер ғой десең екі жастағы бала да,
Бесігінен басын жұлып алады, ə?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу