Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  279


Автор: Ақылбек Манабаев

АНАМА

Сен - аспан нұрыңды емген мынау ғалам,
Мен - отты төсіндегі күн аумаған.
Дүние төбесінде балқып тұрмай,
Күмілжу - кешірілмес күнә-ау маған.
Бақытым ақ сүтіңменен көктеп,
Өтемін құлының боп елжіреп тек.
Бір тамшы көз жасыңмын тулап түскен,
Өмірдің кеудесіне мөлдіреп кеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу