Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  92


Автор: Ақылбек Манабаев

АНА - КҮН

Қыр бөгіц күннің нүрына,
Көлеңке жерден ығысты.
Селт етіп самал сырына,
Бу болып жоннан шық үшты.
Қүлпыра сәнмен ырғалып,
Басын жайлап гүл ие,
Жапырақтар дір қағып,
Жайнады жарқын дүние.
Жадырап қалды тіршілік,
Тамаша бір түске еніп.
Көңіл шіркін күлшынып,
Көкке ұмтылды құс болып.
Дулы өмірдін бар хошы,
Қызығын жайып тастады.
Табиғаттың қалпы осы,
Мені бір ойға бастады.
Қиялдыц жолы кең, жарық,
Арманның сыры тәтті ғой.
Қөз алдыма ол келді алып
Елжіреген сәтті кей.
Жүректі билеп сағыныш,
Өрт болып өзек жанғанда,
Жастықтын оты қарып іш
Онаша ойда қалғанда.
Табатын жаным жарасым,
Кеудеме нүр қүйылып,
Ақ пейілді анашым
Аймаласа сүйініп.
Жүзінен тұрар таң күліп,
Асқар шыңдай саялы,
Ана екен ғой мәңгілік,
Өмірдің күні аялы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу