Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  116


Автор: Ақылбек Манабаев

ТҮНГІ ҚЫРМАНДА

Орақ ай жаңа туған шалқасынан,
Көтерілді асқар таудың арқасынан.
Жұлдызды аспан астында жүр адамдар
Қырманда еңбек қызып, дән тасыған.
Бәрінің жузі нұрлы, жарқын жаны,
Байқалмайды бой алдырып, алқынғаны.
Тазарып қауызынан маржан-бидай
Биіктеп бара жатыр дән шыңдары.
Бағыттары: қырман,
Қала,
Элеватор,
Машиналар кетіп жатыр,
Қеле жатыр.
Қарт диқан нан туралы,
Дән туралы
Үлына ұқтырады өнеге-ақыл.
Құрбылар эзіл айтып,
Сөз қағысты,
Табылды мақтаушы да озған істі.
Қызыл қырман ырыстың қазаны боп,
Тасытып жатыр эн мен қозғалысты




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу