Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  99


Автор: Ақылбек Манабаев

Алғашқы қар

Маңай жым-жырт,
Маужыраған тыныш түн.
Бетті суық тікенімен ұрды ызғар.
Жарқыл қағып ұнтағындай күмістің,
Жағама кеп қонып жатыр жұлдыз-қар.
Талдың сыйда бұтақтары иіле,
Саусағымен ақ ұшқынды шашуда.
Айнала аппақ,
Кірсіз ғажап дүние,
Қия алмаймын аяғыммен басуға.
Алғашқы қар,
Аунап түскен аспаннан,
Пәктігіңмен ақ жанымды баурайсың,
Сен ̶ думаны жаңа ғана басталған
Менің балғын өмірімнен аумайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу