Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  106


Автор: Ақылбек Манабаев

ТЕҢІЗДІҢ ТӨСІН ЖЕЛ ЫРҒАП

Теңіздің төсін жел ырғап,
Ақырын ғана тербетті.
Қаһарлы үн, ғажап мол ырғақ
Кернеді бүкіл жер-көкті.
Дәу толқындар көк ала
Шыға келді атойлап,
Лап қойғандай жағаға
Кілең қасқа ат ойнап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу