Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  83


Автор: Ақылбек Манабаев

Жұлдыздар да жаутаңдап...

Жұлдыздар да жаутаңдап,
Әлденені ымдайды,
Жүрмін тағы бау шарлап,
Төбемде аспан,түн жайлы.
Толықсып көкте көркем ай,
Тынды баяу жел де өксіп.
Мені еске ап сен де, еркем-ай,
Жатырсың ба дөңбекшіп.
Әлде оймен басты қатырмай,
Жамылғыңды тұйықтап.
Маужырап қана япырм-ай,
Кеттің бе бейғам ұйықтап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу