Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  90


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ДҮНИЕ ҚОРҒА

Пенделік нәпсіге еріп дүние қуған,
Талай бекзат жан өтті нағыз туған.
Ешбіріне жолдастық опа қылмай,
Айырылды жиған дүние көпті дудан.
Болмайтынға болдырма, ойлан бөгел,
Қанша дүние жисаңда қайғы түгел?
Батырдың жұмысындай күнде қайнап,
(батыр-жұмыскер адам)
Тәмәмдалмас болсаңда қанша шөгел.
Байлық деген болады ақыл-қанағат,
Ойлаңыз, адал ниет көп жамағат.
Іштарлыққа ынтызар болмаған жөн,
Ондайларға болады іс қабағат




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу