Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  91


Автор: Сағыныш Намазшамова

Бөледі де бақытқа айналаны...

Бөледі де бақытқа айналаны,
Ай-Арудың сәулесі аймалады.
Кереуетке сүйенген кірпіктерім
Қазығына түндердің байланады.
Түнгі самал қытықтап тамағымнан,
Тамсанудан тәп-тәтті ән ағылған.
Жымың қағып жұлдыздар жадыратар,
Жабырқаулы мұң көрсе жанарымнан.
Мақпал түннің тынысы - тынық ауа,
Кеудеме кеп көрінбей тығыла ма?
Жатқан ұдай жұбатып біздейлерді,
Ақтарылмай қалатын сыры ғана.
Алмастырмас жұлдызды қала шамы,
Ай орнына қалайша ол таласады.
Адасуың түндерде мүмкін емес,
Айыра білсең биік, аласаны




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу