Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  244


Автор: Исраил Сапарбай

АҚЫН

Аттың басын тіреп егер
Ап кетпесе Аполлон..,
Ұрттап қойып жүре берер
Өмір деген заһарды ол.
Қасиетті Лираның да
Селт етпейді жүрегі.
Бейкүнә, ең бейбағың да
Сол шығар, кім біледі...
Ал зәуіде Тәңір тұстан
Әмір жетсе құлағына,
Жасын шайнап, жалын құсқан
Таудың ұқсар қыранына!
Көңілімен ақ шағала
Жерден нәсіп терген емес.
Патшаға да, басқаға да
Басын иіп көрген емес!
Айдай өбек, Күндей бәйек
Місе тұтпай айналасын,
Әлі күнге білмей әлек
Ап қашарға қайда басын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу