Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  72


Автор: Талап Қараш

Ақын

Ақын өтті - ау өмірден,
Ақ жарқын ақ көңілмен.
Қалды артында сырлары,
Ақ жауындай төгілген.
Жағынып жыр жазбады,
Өмірде от боп маздады.
Су көмірден шоқ сұрап,
Қысты өткеріп лаждады.
Көрді өгейлік тағдырдан,
Үстемдігін заң қылған.
Өксіп жүріп күлуші ед,
Ләззат алып ән жырдан.
Қалды артында сырлары,
Қызғалдақ боп қырдағы.
Көздің жасы толтырды,
Жылап аққан жылғаны..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу