Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  86


Автор: Талап Қараш

Сыр шашу

Бір қанатым күй, бір қанатым
жыр менің,
От көрігін көңілдердің
үрледім.
Жамандардың ләппай қағып
алдында,
Қаламадым жақсылардың
жүргенін.
Қазақ болып туғаныма
қуанам,
Домбыраның құлақтарын
бұраған.
Шыр етіп бұл дүниеге
келген соң,
Шындықты айтпай қалай енді
тұра алам?!
Кезім келді сөйлейтұғын,
сеземін,
Өткен күннің кезіп қилы
кезеңін.
Мен айтайын, ал сен тыңда
замандас,
Сенің де бір келер бір күн
кезегің.
Бір қанатым жыр, бір қанатым
күй менің,
Қайрылмайды алға тартқан
күйме күн.
Шаң басып бір қалмасын деп
шабытым,
Көн терісін пенде күннің...
иледім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу