Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  196


Автор: Талап Қараш

Бүгінгі бәйге

Апыр-топыр хан бәйгесі басталды,
Бірікпеген қосып, майлы бастарды.
Аспан жүзі қарауытып бір сәтте,
Жүйріктердің жанарынан жас тамды.
«Бақ шаба ма, бап шаба ма» білмеймін,
Үміт отын тұтандырып үрлеймін.
Бәсекеге тұлпарларын қосқандар,
Ышқынады демін алып пілдердің...
Соңғы айналым, қара үзген келеді.
Елестетіп көзге ұшқан жебені...
Иесіне оза шапқан құнанның,
Темір тұлпар демеушісі береді.
Жал құйрықсыз ғасыр озып барады,
Алмастырып доңғалаққа тағаны.
Домбырамды безілдетіп толғаймын,
Сезімді емес, ойды емдеп жаралы..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу