Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  60


Автор: Талап Қараш

Өлең

Өлең қашып жүр менен,
Көңіл шоғын үрлеген.
Әлде көңілі қалды ма?
Қағылған соң жүлдеден..
Ұзаққа кетіп қалды ма?
Мұңын шағып арлыға..
Ол масайрап жеткенше,
Қалғыма жаным, қалғыма!
Әйтеуір бір күн келеді,
Үрлеп арман кемені.
Күзгі бақ сонда гүлдейді,
Жайқалып алтын желегі.
Жүр екен кімнің жанында?
Оранып аппақ сағымға..
Ақ жауын боп сіркіреп,
Айналып кетті-ау лағылға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу