Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  95


Автор: Талап Қараш

От

Жымыңдаса Алматының оттары,
Ішімдегі қоздайды мұң шоқтары.
Шамға қарай ұмтылады көбелек,
Тіршіліктің жалықтырып көкпары.
Дала төсін күн сүйеді күлімдеп,
Топсасына құлағанша түн – ілгек.
Көздің жасы оятады жалғанды,
Бұлақтағы айдың жүзі дірілдеп.
Алаң көңіл жылдамдыққа ілесіп,
Сан айлалы сұм тағдырмен тіресіп.
Зымырайды ауыл жақтан қалаға,
Темір тұлпар жал-құйрықсыз сіресіп.
Артта қалды биік таулар айбатты,
Бүгіп ішке ел білмейтін айғақты.
Тығылған соң қаладағы бөлмеме,
Жыр көңілім өрекпіген жай тапты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу