Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  219


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Көңіл сұрау

Бір күні науқастандым көз ауырып,
Армандаймын кетсем деп тез жазылып.
Келсе екен деп аңсаймын көңіл сұрап,
Туыстарды жатамын мен сағынып.
Ауру адам мүсәпір қатарында,
Алладан тілек тілейд жатарында,
Ауру адам тырысқақ дегендейін,
Күтіп жатад таңның да атарын да.
Әдет-ғұрып дәстүрі әуел бастан,
Оны үйреткен біздерге бала жастан.
Сол дәстүрдің ішінде әдейілеп,
Көңіл сұрау ежелден қалыптасқан.
Ауру адам жалығып жатад жалғыз,
Ертеңім не болад-деп, бүгін бармыз.
Жүздесіп көзбен көріп көңіл сұрау,
Сау адамға өмірде болған парыз.
Қала өмірі дәстүрді қуып шықты,
Алматы да сән-салтты ұмытыпты
Қайран менің қазағым ауылдағы,
Дәстүрді бұзбай жүрген сондай мықты.
Ойымды өлең сөзбен құрағаным,
Айтпай оны тағы да тұра алмадым.
Ұнатпаймын туыспен жолдастардың,
Телефонмен көңілді сұрағанын.
Мен өзім сондай кезде ұяламын,
Телефонмен көңілді сұрамаймын.
Әдейі іздеп барам науқастыны,
Сәлем беріп сұрауға қал-жағдайын.
Құдайым көңілді енді сұратпасын,
Денсаулық жанұямда тұрақталсын.
Айта салдым сырымды, мен білмеймін,
Ұнатса да кейбіреу ұнатпасын.
Күнде Сара дайындап шай мен тамақ,
Терезеден сығалап қояд карап.
Неғып жүрсің десем мен, Сара айтады,
Мүмкін біреу келер деп көңіл сұрап.
Міне бүгін Сұлтекең келді маған,
Сұлтекеңдей бажаны қайдан табам.
Марадай қосағыңмен қол ұстасып,
Орындалсын ойдағы барлық арман.
Сұлтекең ел ағасы көпті көрген,
Көкейіне қазақтың салтын түйген.
Саф кылыштай секілді Сұлтекем-ай,
Сіздей адам азайды дәстүр білген.
Фирюза қайынбикем көңіл сұрап,
Біз дегенде жүрегі аттай тулап.
Сіздей адам ғаламда кемде кем-ғой,
Мінезіңіз Күн көзіндей жайма шуақ.
Елге мәлім ежелден атағыңыз,
Біліміңіз секілді аққан бұлақ.
Теледидар бетінде жарқ еткенде
Көрермендер қалушет бір сусындап.
Құдай берген Алмастай ұлыңыз бар,
Мамалап аялайтын болып құрақ.
Қадекеңдей ардақты бажам менің,
Сіз дегенде тұрады жайып құшақ.
Мара балдыз мінезі аңқылдаған,
Білімі мол Дариядай сарқылмаған.
Тілге бай орысша мен қазақшаға,
Асаба той басқарып жарқылдаған.
Екінші күн Минуар Мұратпенен,
Әдейі көңілімді сұрап келген.
Тәрбие көргендігі сол емес пе,
Қазақтың дәстүрімен салтын білген.
Жалғыздың жары Құдай әрқашанда,
Тәңірім сақтай жүрсін, көзбен тілден.
Аялы Сара сенің алақаның,
Мәпелеп күткеніңді жаратамын
Аман болсын ағайын құда жек-жат
Бауыр еттен жаралған балаларым.
Келдіңіздер иншалла жазыламын,
Жандарыңнан әрқашан табыламын.
Көңіл сұрау көтеріп тастайды екен,
Айналдым Дәстүрінен Бабалардың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу