Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  104


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Құтты болсын

Атам қазақ туысты іздейтұғын,
Біз емес салт-дәстүрді білмейтұғын.
Ата-Баба жолымен келіп қалдық,
Туыстық қатынасты үзбейтұғын
Ауысып қызметпен Астанаға,
Қуандық көшіп келдің жас қалаға.
Арттарыңнан әдейі іздеп келдік,
Құтты болсын айтқалы баспанаңа.
Қуандық сағындың ба туған елді,
Артыңнан іздеп бүгін бажаң келді.
Анасының орнына Сәулені іздеп,
Алматыдан әдейі Сара келді.
Сәуле арқылы мен саған бажа болам,
Жолын бәрін жасаймын, қашпай одан.
Жастайымнан әкеңнің көзін көрдім,
Жас жағынан, мен саған аға болам.
Алия, Мансияға бақыт берсін,
Ол бақыт екеуіне бірдей келсін.
Келешек Алия мен Мансияның,
Қызығын Қуандық пен Сәуле көрсін.
Қуандық Сәуле екеуің жақсылығың,
Өмірдің білдіртпейтін тапшылығын.
Раушанымның бағының ашылғаны,
Деп білем екеуіңнің асылдығың.
Бақ, дәулет ырыс қонсын бастарыңа.
Жиналсын жолдас жора қастарыңа.
Ынтымақ, ықылас пен бірлік болып,
Адал болсын сендерге достарың да.
Қуандық Ақ отауың құтты болсын,
Бақыт пен қуанышқа іші толсын.
Сәулеменен екеуің қол ұстасып,
Қайда жүрсең ылайым жолың болсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу