Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  84


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Кәрінің махаббаты

Табиғаттың талғаусыз мәңгі заңы,
Тапжылтпайды алғаусыз жалбыз әні.
Тықақтатқан баянсыз қу тіршілік –
Арғы жақта дәрмен жоқ, бергі жағы.
Жас ұлғайып, жабырқау жалғыз әні,
Жалтаң көңіл жатырқап жан бұзады.
Шұнаңдатып қойса да тағдыр бір сәт,
Арғы жақта дәрмен жоқ, бергі жағы.
Тас тамырың таусылып таңғы зары,
Қартайғанда қадірсіз қан қызады.
Бергі жақтың дәрмені тілде қалса,
Кімде қалған, білмейсің, арғы жағы?!
Тұлпар озса бәйгеден, қалды жабы,
Бұлбұл салған сүйетін әнді жаны.
Қартайғанша махаббат өлмесе де,
Арғы жақта дәрмен жоқ, бергі жағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу