Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  131


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Тауда туып, ойнап өстім шың-құзбен...

Тауда туып, ойнап өстім шың-құзбен,
Үнсіз ғана сырласушы ем жұлдызбен.
Жастайымнан ұлылыққа бас идім,
Таулар... Таулар... биіктікті білгізген.
Шыңда шырқап тұңғыш рет ән салдым,
Ойда жүрсем тауды ғана аңсармын.
Биіктікті қыран болып көксеймін,
Ал етекте қанаты жоқ жансармын.
Тау дегенің көкке қарай өрлейді,
Кергіп тұрып, көкірек керіп сөйлейді.
Биіктікті сен үйреттің, туған жер,
Сыр сандыққа жаққан отың сөнбейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу