Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  73


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Отардағы сағыныш

Сен гүл қаладасың, мен құм даладамын,
Сыйлайды маған түн ғажап әнін.
Сен шетелде жүрсің, мен отарда жүрмін,
Сен көшеге барсаң, мен қырға барамын.
Шіркін отарды сен келіп көрсең,
Ақ бұрқақта бесік өңгеріп көрсең.
Түйелі көшті соза жетелеп,
Боранда адасып сенделіп көрсең.
Жаппаны тігіп жеткен бір жерге,
Қампитып қарынды етпен бірдемде.
Жабағы көрпені жамылып алып,
Ойды жіберсең өткен күндерге.
Құтылғың келіп дүрбелең күннен,
Есің бір шығып күл менен жүннен.
Бұйыға түсіп қойныма кірсең,
Үскірік желден іргеден кірген.



8 қаңтар 2005ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу